28-02-24 |
1390 рет қаралған
Астанада ішіп алып бөтеннің мүлкін қирататындар көбейіп кетті.
Астанада ішіп алып бөтеннің мүлкін қирататындар көбейіп кетті

Елордада вандализмнің кез келген жағдайымен күрес жүріп жатыр. Бұзақылар табылып, жауапқа тартылуда. Тәртіп бұзушыларға айыппұл салынып, әкімшілік қамауға алынады.

Сонымен, таңғы сағат алтылар шамасында Нұрмағамбетов көшесіндегі №31 үйде 34 жастағы ер адам бөтен пәтердің есігін ұрып, тепкілеп, есік тұтқасын сындырып кеткен. Бұзақы табылып, бес тәулікке қамауға алынды.

Тағы бір жағдайда жергілікті тұрғын Сәтбаев көшесіндегі дүкеннің алдыңғы есігінің терезесін сындырған. Ол 15 тәулікке қамауға алынды.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары түннің бір уағында мас күйінде Ақан сері көшесінде тұрған көліктің алдыңғы және бүйір жағындағы терезесін сындырған бұзақыны да тауып, жазалады. Келтірілген залал үшін оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада волонтерлар, белсенділер, танымал спортшылар, қоғамдық пікір көшбасшылары және қала тұрғындарының қолдауымен «Тоқта, вандал» акциясы жүріп жатыр.

Акция аясында қалада күндіз-түні рейдтер жүргізіліп, тұрғындар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.