20-09-21 |
550 рет қаралған
Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі пара алу фактісімен тергеуге алынды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі пара алу фактісімен тергеуге алынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауыл шаруашылығы министрлігінде тергеу жүргізіп жатыр. Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің өкілі пара алды деген күдікке ілінді. 

Агенттіктің хабарлауынша, «Фитосанитария» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорында пара алу фактісі анықталды.

«Ол «Фитосанитария» РМК-ның 11 аумақтық филиалына жеткізілетін тауарларды қабылдау-беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін жеткізуші компания өкілінен айтарлықтай мөлшерде пара алғаны үшін айыпталып отыр», – делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан ақпаратта.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.