05-07-22 |
910 рет қаралған
«Миллиондап пара алды»: Елордада ТЖД -ның басшылары күдікке ілінді.
«Миллиондап пара алды»: Елордада ТЖД -ның басшылары күдікке ілінді

Нұр-Сұлтанда қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы ұсталды.

Пара алу дерегі бойынша күдікке ілінген шенеунік тергеу изоляторына қамалды.

Белгілі болғандай, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елордадағы қалалық ТЖД қызметкерінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы (пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Осы оқиға бойынша Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бөлім бастығы ұсталып, оған қатысты «қамау» бұлтартпау шарасы қолданылды.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттік Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің басшысына қатысты 5 миллион теңге көлемінде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлаған болатын.

«Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады. Тергеу мүддесіне сай басқа мәліметтер жария етуге жатпайды», – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.