08-02-21 |
700 рет қаралған
Миллиондап пара алған теміржолшылар ұсталды.
Миллиондап пара алған теміржолшылар ұсталды

«Қазақстан темір жолының» лауазымды қызметкерлері 100 мыңнан 5 млн теңгеге дейін пара алып отырған.

Теміржол саласындағы былықтың беті ашылды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүк тасымалы қызметіндегі көлеңкелі бизнесті әшкереледі. Қазір теміржолшыларға қатысты миллиондағы жүк айналымына тергеу жүріп жатыр.

 «Жемқорлық жағдайлары «ҚТЖ» ҰК» АҚ-та да жиі кездеседі. Ол компаниядағы жекелеген жетекшілер вагондарды кедергісіз өткізу үщін кәсіпкерлерден ірі көлемде пара алып келген. Мұндай жағдайлардың Алматы, ШҚО, Қостанай, Ақмола, Қызылорда, Павлодар облыстары мен Шымкентте тіркелді. Пара көлемі 100 мың теңгеден бастап 5 миллион теңгеге дейін болған. Бұл істерде ондаған миллион теңгенің жағдайлары тергелуде», – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.