18-01-19 |
8110 рет қаралған
Қорықшы Петр Ницык браконьерлердің шабуылы қалай болғанын айтып берді (видео).
Қорықшы Петр Ницык браконьерлердің шабуылы қалай болғанын айтып берді (видео)

Ресми ақпарат бойынша, қаңтардың 13-і күні Қарағанды облысындағы Теңіз көліне жақын жерді аралап жүрген «Охотзоопром» инспекторлары көліктің ізін байқап, соңына түседі. Оқиғаның екінші куәгері Петр Ницыктың айтуынша, олардың браконьер екенін инспекторлар бірден түсінген.

Сегодня утром не стало инспектора Охотзоопрома Ерлана Нургалиева. Он до конца боролся за свою жизнь после схватки 13 января с тремя озверевшими браконьерами в коргалжинской степи. Выражаю глубочайшие соболезнования семье погибшего. Он до конца исполнил свой долг по охране символа казахстанской степи сайгака! Именно благодаря усилиям таких инспекторов к Ерлан Нургалиев численность сайгаков выросла до 215 тысяч голов с массового падежа в 2015 году. К сожалению браконьеры успели застрелить 5 самцов сайгака, но это не сойдёт им с рук. Прошу Правоохранительные органы найти и покарать по всей строгости закона убийц.

Опубликовано Сакен Калкаманов Вторник, 15 января 2019 г.

Қуғын кезінде инспекторлар атылған оқтың даусын естиді, өлген жануарлардың денесін көреді. Кейін журналистерге берген сұхбатында Ницык дәл сол адамдарды «бір жылдан бері іздеп жүргендерін» айтты.

Бір уақытта инспекторлар «ізден адасып қалмау үшін» екіге бөлінеді. Инспекторлар іздеген ақ және сұр түсті Toyota Land Cruiser джиптерін ақырында Ницык пен Нұрғалиев тауып, көліктерімен жақындаған. Олар ескерту ретінде аспанға оқ атады, сосын көліктің шинасын атады.

Жауап ретінде жол талғамайтын көліктен оларға қару кезеніп, қоқан-лоқы жасайды. Ницыктың айтуынша, олар джиптің алдына кесе-көлденең тоқтап, жолын кескен. Тек сонда барып тоқтаған.

– Оның ішінен жігіттер шықты: оң жағынан «бесатар» қарумен, сол жағынан «қосауызбен» шықты, жүргізуші де болды, бірақ ол есіктің ар жағына тығылып қалды, – дейді ол.

Жәбірленуші инспектордың айтуынша, алдымен сөзбен тәжікелескен соң, браконьерлер қол жұмсай бастаған. Шабуылдаушылар Ницыкты бірнеше рет шүйдесінен, кейін мылтықтың дүбімен бетінен ұрған.

– Көзім алды тұманданып кетті. Ерланға қарадым, бетімен қарға құлапты. Оған жақындадым, екеумізден де қан кетіп жатты. Басымды орадым, Ерланның басын бұрып, оны көлікке алып келдім. Сосын рациямен топ жетекшісіне хабарластым, оның көлігі қатты келе жатып, қарға батып жүре алмай қалған. Сосын бізге басқа жігіттер келіп қосылды, – дейді инспектор.

Ницык пен Нұрғалиевті ұрғандар GPS құралы мен көлік кілтін алып кетіп, өздерін аязға қалдырған. Қалың қарда жүре алмай қалған инспекторлардың екінші тобы кейінірек қараңғыда жәбірленушілерді әзер тапқан.

Дереккөз: azattyq.org

«Азаттық радиосының» веб-сайтында шыққан «Қорықшы қазасына кінәлілер жазалана ма?» атты мақаладан ықшамдалып алынды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.