09-02-21 |
570 рет қаралған
Қостанайда сотталушы изоляторға тік ішегіне «гашиш» салып кірмек болды.
Қостанайда сотталушы изоляторға тік ішегіне «гашиш» салып кірмек болды

Қостанай облысында тік ішегіне «гашиш» салып, тергеу изоляторына кірмек болған сотталушы ұсталды. Тыйым салынған зат рентген жасау кезінде анықталған.

Қылмыстық атқару жүйесі облыстық департаментінің мәліметінше, сотталған азамат тыйым салынған затты мекеме аумағына кіргізгісі келгенін бірден мойындады.

«Департамент қызметкерлері сотталған адамды уақытша ұстау изоляторына әкелген. Рентгеннен өту кезінде сотталған азаматтың денесінің төменгі бөлігінде күдікті зат байқалып, оны толық тексеру туралы шешім қабылданды. Тексеруден кейін ол тік ішегіне салмағы 4 грамм болатын гашиш түйіншегін салып алғаны анықталды»,— дейді деп атап өтті Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Абай Қайырбеков.

Қазір аталған факті бойынша алғашқы материал жиналып, ереже бұзушылық туралы журналға тіркелді. Ол ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен заңсыз жұмыс істеу» бабы бойынша жауапқа тартылады. Департамент мәліметінше сотталғандар тыйым салынған заттарды алып жүргені үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалайды.

 

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.