31-07-22 |
1570 рет қаралған
Жасөспірім қызды зорлап, өлтіріп, өртеген кім?.
Жасөспірім қызды зорлап, өлтіріп, өртеген кім?

Жетісу облысы Панфилов ауданына қарасты Шолақай ауылында болған қылмыс әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Тарап жатқан ақпараттарға қарағанда, ауылда қауіпсіздік күшейтілген.

«Время» газетінің жазуына қарағанда, 21 шілдеде 15 жасар Құралай Қисабекова құрбысының үйіне кетіп, содан оралмаған. Арада бір аптадай уақыт өткенде жасөспірім қыздың денесі ауыл маңынан табылған.

Жедел іздестіру нәтижесіне Шолақай ауылының 38 жастағы Рустам Ахметов есімді адам ұсталған. Жедел іс-шара барысында Құралай Қисабекованың телефонына күдіктінің хабарласқаны белгілі болып, ол қылмысын мойындап, қызды зорлағанын, пышақтап сосын қылмысын жасыру үшін өртегенін айтқан. Қазір күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалып, тергеуге алынған.

Жергілікті билік Шолақай ауылының кіреберіс және шыға беріс жолдарына полиция бақылауын қойған. Сондай-ақ қара жамылған үйге де қауіпсіздік мақсатында бақылау қойылған.

Азаттықтың хабарлауынша, 30 шілдеде Құралай Қисабекованың жазанасы шығарылып, жерленген. Жиылған жұрт биліктен «күдіктіні отбасымен бірге ауылдан көшіруді» талап еткен.

«Билік 2 тамызға дейін мұрсат беруді сұрады. Сол кезде дейін шешім қабылданады» деді аты-жөнін атағысы келмеген жәбірленушінің туысы.

Оның сөзіне қарағанда, жәбірленуші отбасының үйінде бес бала бар. 15 жасар қыз ортаншысы болған. Билік жәбірленушінің анасының денсаулығына қарайласуға және отбасына көмектесуге уәде берген.

Жәбірленушінің туысының айтуынша, қазір Шолақай ғана емес, ұйғылар жиі қоныстанған өзге елді мекендерде де қауіпсіздік шарасы күшейтілген.

фото: time.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.