29-01-24 |
6200 рет қаралған
Жедел жәрдемді ұрған Дәкебаевтың әрекеті «заң мен тәртіпке» шабуыл – саясаттанушы.
Жедел жәрдемді ұрған Дәкебаевтың әрекеті «заң мен тәртіпке» шабуыл – саясаттанушы

Елімізге танымал саясаттанушы Оразғали Селтаев Қарағандыдағы жедел жәрдем жүргізушісіне жасалған шабуылды қоғам үшін қауіпті әрекет деп атады.

Оның айтуынша, Қарағандыда Нұрболат Дәкебаевтың жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасап, оны ұрып-соғуы қарапайым қылмыс емес. Бұл «заң мен тәртіпке» кезекті дөрекі шабуыл, бүкіл қазақ қоғамы үшін қабылданбас әрекет. Мұндай оқиға қатаң түрде тосқауыл қойылып, жазалануы керек, оған жол беруге болмайды.

«Бұл құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын барлық уәкілетті органдар үстірт жүзеге асырып жатқанының, барлық деңгейдегі профилактикалық жұмыстардың формальды түрде жүргізілетінінің дәлелі – көптеген қазақстандықтар өз құқықтарын немесе жауапкершілік дәрежесін білмейді», – дейді саясаттанушы.

Сондай-ақ ол Дәкебаевтың соты ашық түрде өтуі керек деп санайды.

«Оны әлдебір мәдениет ошағында немесе Қарағандының жоғары оқу орындары мен колледждерінің бірінде өткізген жөн. Бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен қатыстырып және бүкіл ел бойынша ақпаратты тарату керек. Бұл жағдайды ең шалғай ауылдардағылар білуі керек», – деді Оразғали Селтаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.