Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Қоқыс жинап, тегін тамақтан….

Қоқыс жинап, тегін тамақтан….

Белсенділер халықты экоакцияға тартудың ерекше жолын тапқан сыңайлы. Алматы қаласы Туризм басқармасы Almaty Tourism Bureau-мен бірлесіп «Қоқыс жинап, түскі асты тегін ал» деген ұранмен тұрғындарды тауды тазартуға шақырып жатыр.

Аталған акция 30 сәуір күні сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін «Аюсай» мен «Горельник» визит-орталықтарының аумағында өтетіні айтылған.

Акция «Алматы — біздің ортақ үйіміз» жалпықалалық науқаны аясында өтіп жатыр. Шара жергілікті тұрғындар мен әлемнің түкпір-түкпірінен келетін туристердің сүйікті демалыс орнына айналған Іле Алатаудың бірегей табиғатының тазалығын сақтауға бағытталған.

Сондай-ақ іс-шараға қатысу үшін ыңғайлы қорғаныс киімі мен аяқ киім, бас киім, ауыз су, күннен қорғайтын көзілдірік пен крем алу керектігі ескертілген.

Бөлісу