Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істеп жатқаны белгілі болды.

Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істеп жатқаны белгілі болды.

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 088 шетел азаматы еңбек етеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 687 жұмыс беруші бар. Оларда 459 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 99,5%-ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 4 281 адам (32,7%), өңдеу өнеркәсібі – 1 380 адам (10,5%), тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 304 адам (10%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 834 адам (6,3%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 809 адам (6,1%).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 121 адам (31,4%), Үндістан – 1 176 адам (8,9%), Түркия – 1 128 адам (8,6%), Өзбекстан – 908 адам (6,9%).

Бөлісу