Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Жұмыссыздар тізімінде тұрған 20 азамат West oil Software мекемесіне жұмысқа орналасты.

Жұмыссыздар тізімінде тұрған 20 азамат West oil Software мекемесіне жұмысқа орналасты.

6 наурызда жұмыссыздық тізімінде кезекте тұрған 20 адам West oil Software компаниясына жұмысқа орналасты. Бұл туралы mangystaumedia.kz жазды.

Компания директорының орынбасары Ақылбек Садуевтің айтуынша, жұмысқа орналасуға үміткер 75 азаматтың 20-сы әңгімелесудің барлық кезеңдерінен өтіп, жұмыстарына кірісті.

— Бірінші кезекте жұмыс тәжірибесі мен біліктілігі компанияның талаптарына сәйкес келетін 20 адам іріктелді. Қазіргі таңда олар жұмыс орындарына бөлінді, барлық құжаттарын жинап, физикалық тексеруден өткеннен кейін жұмыстарына кіріседі, — деді Ақылбек Садуев.

Компания заңсыз наразылық акциясын тоқтатқысы келмеген адамдардың орнына кезең-кезеңімен мамандар жинайтынын атап өтті.

Ал, жұмысын жалғастырғысы келетін жұмысшылардың бос лауазымдарға өзге азаматтар жұмысқа қабылданғанға дейін жұмысына қайта оралуына мүмкіндігі бар.

Бөлісу