Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Елімізде әйелдер қай салаларда көбірек жұмыс істейтіні белгілі болды.

Елімізде әйелдер қай салаларда көбірек жұмыс істейтіні белгілі болды.

Республикада түрлі салаларда 4 370 715 әйел  жұмыс істейді, бұл жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 48,3%. Егер 3,4 млн әйел жалданып жұмыс істесе, 940 мың әйел – өзін-өзі жұмыспен қамтыған.

Статистика бюросының мәліметінше, әйелдердің басым бөлігі білім беру саласында жұмыс істейді – барлық жұмыспен қамтылған әйелдердің 20%, көтерме және бөлшек саудада – 19,6%, ауыл шаруашылығында – 9,7%, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында 9,6%, өнеркәсіпте жұмыс істейтін әйелдердің 7,8% еңбектенеді.

Әйелдердің ең аз саны ақпарат және байланыс саласында тіркеліп отыр, барлық жұмыспен қамтылған қыз-келіншектердің 1,6%.

Бөлісу