Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Елімізде нан мен өзге де өнімдердің бағасы енді шектелмейтін болды.

Елімізде нан мен өзге де өнімдердің бағасы енді шектелмейтін болды.

Нан және әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің басқа да бірқатар түрлеріне бағаны шектеу механизмінен бас тарту жоспарлануда, деп хабарлады ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.

«2024 жылдың 1-жартыжылдығына қарай ӘМАТ-қа шекті бағаларды енгізу тетігінен отандық өндірістің тұрақты 100% байқалатын 9 азық-түлік тауары (тұз, ұн, макарон, қарақұмық, күріш, нан, сүт, картоп, тауық жұмыртқасы (1-санат)) бойынша бас тарту жоспарлануда. Кейін 2025 жылдың 1 жартыжылдығына қарай 10 азық-түлік тауары (асханалық сәбіз, пияз, ақ қырыққабат, күнбағыс майы, сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік), жұмсақ қаптамада майлылығы 2,5% айран, сары май (тұздалмаған, майлылығы 72,5% кем емес, толықтырғышсыз және өсімдік майлары жоқ), сүзбе (майлылығы 5-9%), ақ қант-құмшекер) бойынша ӘМАТ шекті бағаларын енгізу тетігінен толық бас тарту жоспарланған, олар бойынша импорт алмастыру шамамен 100%-ды құрайды», — делінген хабарламада.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті, монополиялық және олигополиялық нарықтарды қоспағанда, бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеуден кезең-кезеңімен бас тарту жөніндегі Жол картасының «ӘМАТ бағаларын мемлекеттік реттеуден алып тастау туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізбек.

Бөлісу