Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

«Қазақтелеком» қазақтың ақшасын жеуді қашан қояды?.

«Қазақтелеком» қазақтың ақшасын жеуді қашан қояды?.

Журналист Кирилл Павлов өзінің Telegram-каналында «Қазақтелеком» АҚ басшыларының қанша сыйақы алатыны туралы ақпарат жариялады.

«Жақсы өмір сүруге тыйым сала алмаймыз», — деп жазған журналист Қуанышбек Есекеев бастаған директорлардың жүздеген миллион сыйақы алғанын тізбектепті.

2022 жылы басқарманың төрт мүшесі – Қуанышбек Есекеев, Людмила Атамуратова, Берік Битабаров және Нұрлан Мейірманов барлығы 422 млн 105 мың теңге сыйақы алған. Егер адам басына теңдей бөлсе 105,53 миллион теңгеден келеді.

Ал, 2021 жылы басқарманың 9 мүшесі 500,4 миллион теңгені өзара сыйақы ретінде бөлісіп алған.

Осылайша «Қазақтелеком» басшылары жыл сайын айлық жалақысынан бөлек ондаған, кейде жүздеген миллион теңгені бонус ретінде алып отырады.

Arasha.kz

ФОТО: дереккөз

Бөлісу