Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Назарбаевтың жиені жаңа қызметке сайланды.

Назарбаевтың жиені жаңа қызметке сайланды.

«Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің құрамы сайланды. Оны Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені – Нұрәли Әлиев басқарады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының ресми сайтында хабарланды.

Ол алғаш рет 2016 жылғы 4 тамыздағы акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен компанияның директорлар кеңесінің құрамына сайланды.

Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «Транстелеком» АҚ (Астана) KASE-ге компанияның директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысының 2023 жылғы 25 шілдедегі шешімімен сайланғанын хабарлады, — делінген хабарламада.

Кеңес құрамына: Әлиев Н.Р.; Покупателев Д.А.; Өтемұрат Б.М.; Гумаров Э.М.; Ахметжанов А.М.; Аниховский В.А.; Ибраимов К.У.

Құжатта, шешімге сәйкес Нұрәли Әлиевтің директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланғаны көрсетілген.

Arasha.kz

ФОТО: peoples.ru

Бөлісу