Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов бесінші рет жеңіске жетті.

Кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов бесінші рет жеңіске жетті.
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (4-0, 2 КО) кәсіпқой рингтегі бесінші кездесуінде жеңіске жетті деп хабарлайды vesti.kz сайты.

Монакода өткен жекпе-жекте Данияр Елеусінов никарагуалық спортшы Маркос Мохикамен (16-2-2, 12 КО) күш сынасты.

Сегіз раундқа жоспарланған кездесудің екінші раундында Елеусіновтің соққыларынан бәсекелесі екі мәрте нокдаун алды. Үшінші раундта 33 жастағы Мохика тағы бір нокдаун алған соң көп ұзамай рефери жекпе-жекті тоқтатып, қазақстандық боксшы жеңіске ие болды.

2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен олимпиада чемпионы 27 жастағы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін биыл сәуірдің соңында өткізген. Содан бері ол бес рет рингте бәсекелестерімен кездесіп, барлығында жеңіске жеткен, үшеуінде нокаутпен ұтқан.

Azattyq.org

Бөлісу