Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Қазақстаннан әскери құралдарды Ресейге алып өтпек болғандар ұсталды.

Қазақстаннан әскери құралдарды Ресейге алып өтпек болғандар ұсталды.

Әскери киім-кешек пен өзге де құралдарды Ресейге контрабандалық жолмен алып өтпек болғандардың жолы кесілді.

«Қайрақ» автокөлік бақылау-өткізу пунктінде әскери бас киімдер мен тактикалық рюкзактарды заңсыз алып өтпек болғандар анықталды. Жүк бөлігінде киім-кешектер салынған «Газельді» Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері ұстады», — делінген хабарламада.

Анықталғандай аталған тауарларды алып жүру құжаты болмаған.

«Қазір жүк тиелген көлік бақылау-өткізу пункті орналасқан жерде, тауардың шыққан жері мен экспортқа қатысы бар тұлғаларды анықтау шаралары жүргізілуде», — дейді Кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

Жедел шаралар нәтижесінде кінәлілер жауапқа тартылып, жүк мемлекет пайдасына тәркіленеді.

Бөлісу