Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Тараз қалалық сотының бұрынғы төрағасы жемқорлық үшін сотталды.

Тараз қалалық сотының бұрынғы төрағасы жемқорлық үшін сотталды.

Тараз қаласының №2 соты Тараз қалалық сотының экс-төрағасы Алтынбек Мадемаровты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

Zakon.kz порталының мәліметінше, ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар Мадемаров өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, сотталушы сатып алу-сату мәмілесін және мүліктік құқықты заңды деп тану туралы азаматтық іс бойынша оң шешім шығаруға көмектескені үшін азаматтан 1 млн теңге пара алған.

Бөлісу