Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

2022 жылы елден қанша адам кеткені белгілі болды.

2022 жылы елден қанша адам кеткені белгілі болды.

Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәлімет бойынша, 2022 жылғы қантар-желтоқсанда елден 24 239 ада кеткен, ал келгендер саны 17 293 адам болды. Көші-қон сальдосы -6 946 адам.

Статистердің мәліметінше, 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келушілер саны 57,5%-ға өсті, кеткендер саны 24,7%-ға азайды.

Елдегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүрді. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 85,9%, ал бұл елдерге кеткендердің үлесі 83,4% болды.

Ел ішінде көшіп-қонушылар саны 6,1%-ға өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде: Алматы (35 302 адам), Астана (33 798 адам), Шымкент (2 756 адам) қалаларында және Алматы обласында (898 адам) халықтың көші-қонының оң сальдосы қалыптасты.

Бөлісу