Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Атырауда жат діни ағым өкілдерінен есірткі табылды.

Атырауда жат діни ағым өкілдерінен есірткі табылды.

19 қаңтар күні сағат 12:25 шамасында Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шара жүргізді, деп хабарлады polisia.kz.

Іс-шара барысында дестурктивті діни ағымның радикалды бағытын ұстанған 1995 және 1996 жылы туған азаматтардан 1 қара түсті полиэтилен және 2 қою жасыл түсті қағаз орамасы тәркіленді.

«Химиялық экспертиза қорытындысы бойынша тәркіленген заттар 186 грамм марихуана екендігі белгілі болды», — деп жазылған хабарламада.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Бөлісу