Logo
Іздеу
Айдарлар

«Алтын Орданың» бұрынғы басшылығына іздеу жарияланды.

/
«Алтын Орданың» бұрынғы басшылығына іздеу жарияланды.

Алматы облысы Қарасай ауданы Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері «Алтын Орда» базарының бұрынғы басшылығына іздеу жариялады.

Келесі адамдар іздеуге жарияланды:

— Данияр Әпдіғапаров 1982 жылы туған. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190 бабы бойынша халықаралық іздеуге жарияланған.

— Жұмадин Патов, 1982 жылы туған. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190 бабы бойынша халықаралық іздеуге жарияланды.

— Қанат Жақаев, 1984 жылы туған, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190 бабы бойынша халықаралық іздеуге жарияланған.

— Айдос Нұрқалиев, 1986 жылы туған, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190 бабы бойынша халықаралық іздеуге жарияланған.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған тұлғаларды ұстап, Қарасай ауданының уақытша ұстау изоляторына орналастыру бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Нәтижелері кейінірек хабарланады.