Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Астана қатты аяз болады.

Астана қатты аяз болады.

Қазгидрометтің хабарына қарағанда, 23-26 қаңтар аралығында Астана қаласында қатты аяз түнде -35-40°С, күндіз -27-32°С болады деп күтілуде.

Астана қаласы әкімі Әсет Исекешов қала тұрғындарын қауіпсіздік шараларына назар аударуға шақырды.

«Қазгидрометтің мәліметтеріне сәйкес, келесі аптада, яғни 22 қаңтардан бастап, әсіресе 23-26 қаңтар аралығында ауа-райы күрт суытып, ауа температурасы -35 — 40 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Осыған байланысты барлық қалалық қызметтерге, әсіресе үздіксіз жылу энергиясымен қамтамасыз ететін энергетиктерге аязды күндерге дайын болу үшін тапсырма бердім», — деп жазды қала әкімі фейсбуктегі парақшасында.

Сондай-ақ, 22-26 қаңтар аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аяз түнде -35-40°С, 24-26 қаңтарда өте қатты аяз -45°С, күндіз -27-32°С, кей жерлерде -35°С күтіледі.

22-26 қаңтар аралығында Қостанай облысында қатты аяз түнде -33-38°С, күндіз -20-25°С болады деп болжанып отыр.

Бөлісу