Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Астанада вакцина алғандарға бағалы сыйлық беріледі.

Астанада вакцина алғандарға бағалы сыйлық беріледі.

Қала тұрғындарын вакцинациялауға ынталандыру үшін сауда-ойын-сауық орталықтары коронавирусқа қарсы вакцина алғандарға бағалы сыйлықтар мен жеңілдік купондарын таратуда, деп хабарлайды елорда әкімдігі.

Сонымен, «Азия Парк» СОО-да аптасына үш рет тұрмыстық техника, яғни шаңсорғыштар, жылдам қыздыратын пештер, миксерлер, тостерлер, кофеқайнатқыштар секілді түрлі бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны өткізіледі. Бұдан басқа компьютерлік техника — принтерлер, USB флэшкілері мен компьютерлік тінтуірлер, сондай-ақ киім мен аяқ киімге арналған жеңілдік сыйлық сертификаттары ойнатылады.

«Mega Silk Way» СОО-да вакцинаны алғаннан кейін әкімшілік мұз айдынына баруға сертификаттар береді, ол бір жыл бойы жарамды. Ал Actual Optic бренд өнімдерін сатып алуға 10% жеңілдік ұсынады.

Marrone Rosso мекемесі және SADU мейрамханасы вакцинацияланғандарға кофе мен круасандар береді.

«Сарыарқа» СОО-да вакцина алған азаматтарға «Костюм» дүкенінен киім және Actual Optic дүкенінің өнімін сатып алуға 5-тен 10% — ға дейін қосымша жеңілдік беріледі, сондай-ақ СОО әкімшілігі 5 мың теңгенің купонын сыйлайды.

Kinopark кинотеатрлар желісі билет сатып алуға жеңілдік береді.

«Абу-Даби Плаза» СОО-да косметика сатып алуға 5-тен 30%-ға дейін және фуд-корт өніміне 10%-ға дейін қосымша жеңілдіктер қарастырылған.

«Керуен» СОО вакцина алған кезде фуд-корттарда тегін тамақ береді.
«Еуразия» СОО-да халықты вакцинациялау науқанын қолдау үшін кәсіпкерлер Glasman маркалы костюмдері мен CORNER19 брендтік өнімдеріне 5%-ға дейін қосымша жеңілдік ұсынады.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда вакциналардың бірінші компонентін 185 мыңнан астам адам алды, екіншісі — 134 мыңнан астам адам.

Коронавирустық пандемия жүріп жатқанын ұмытпаңыз, қалада күн сайын 250-300 жаңа науқас тіркеледі. Қауіпті вируспен күресудің жалғыз тиімді әдісі — халықты жаппай вакцинациялау арқылы ұжымдық иммунитетті дамыту. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қала тұрғындары мен қонақтары санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен санитарлық дәрігерлердің ұсыныстарын қатаң сақтауы керек.

Бөлісу