Logo
Іздеу
Айдарлар

Елімізде айына 500 мың теңгеден аса зейнетақы алып отырғандар бар.

/
Елімізде айына 500 мың теңгеден аса зейнетақы алып отырғандар бар.

Қазақстандағы ең көп зейнетақы мөлшері белгілі болды. Елімізде айына 522 610 теңге зейнетақы алатындар бар.

2021 жылдың 1 ақпанына қарай БЖЗҚ 167 423 алушыға төлем жасады. Барлығы 73,8 млрд теңгеге 172 мыңнан астам зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері және сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды.

Оның ішінде:

  •  Біржолғы зейнетақы төлемдері — 49,6 миллиард теңге;
  • сақтандыру ұйымдарына аударымдар — 9,1 миллиард теңге;
  • зейнеткерлік жасқа толу бойынша төлемдер — 6,5 миллиард теңге;
  • мұрагерлік бойынша төлемдер — 5,9 миллиард теңге;
  • тұрақты тұруға кетуге байланысты — 2,1 миллиард теңге;
  • жерлеуге төленетін төлемдер — 0,4 миллиард теңге;
  • мүгедектік бойынша төлемдер — 0,2 миллиард теңге.

Айта кетейік, кесте бойынша зейнетақы жасына жетуіне байланысты ай сайынғы орташа төлем сомасы 25 886 теңгені құрады,  ал ең жоғарғы төлем — 522 610 теңге.