Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Билік органдарын қамтамасыз етуге бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?.

Билік органдарын қамтамасыз етуге бюджеттен қанша қаражат жұмсалады?.

Әрбір мемлекеттік органды материалдық-техникалық жақтан қамтамасыз ететін шаруашылық құрылымдар бар. telegram желісіндегі protenge каналы бірқатар билік органдарының шаруашылық құрылымдарына бюджеттен қанша қаражат жұмсалып жатқанын жариялады.

  1. Президенттің іс басқармасы, басшысы — Ерлан Баттақов. Іс басқармасының бюджеті — 71 миллард теңгеден асады;
  2. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы (Парламент), жетекшісі Асхат Жанзақов. Биылғы бюджеті — 13,8 миллард теңге.
  3. Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті, басшысы  — Наиль Ахметзакиров. 2019 жылдың есебі бойынша бұл органның қаражат жұмсау жағы 5,9 миллиард теңге болған.
  4. Бас прокуратураның шаруашылық басқармасы, басшысы — Мэлсбек Ізімов. 2019 жылдың есебі бойынша бұл органның қаражат жұмсау жағы 1,3 миллиард теңге болған.
  5. Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Дипломатиялық сервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, директоры — Иран Шархан. Бұл кәсіпорынның бюджеті шамамен 1-1,3 миллард теңге болады екен.

Міне, кейбір мемлекеттік мекемелердің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге жоғарыдағдай миллиардтар жұмсалады. protenge каналының жазуынша, бұл қаражаттың қалай, қайда жұмсалғаны жайлы ашықтық жоқ көрінеді.

Бөлісу