Logo
Іздеу
Айдарлар

Зеленский АҚШ-тағы елшісін ауыстырмақ

/
Зеленский АҚШ-тағы елшісін ауыстырмақ

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тағы Украина елшісі Оксана Маркароваға қызметтен босату ниеті барын жеткізді, бірақ соған қарамастан оны командада қалуға шақырды. Бұл туралы сейсенбі күні украиналық «Общественное» телеарнасы Зеленский кеңсесіндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Бұған дейін Bloomberg агенттігі Зеленскийдің АҚШ президенті Дональд Трамппен елшіні ауыстыру мәселесін талқылағанын жазған еді. Бұл лауазымға үміткер ретінде Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль, вице-премьер Ольга Стефанишина, қорғаныс министрі Рустем Умеров және энергетика министрі Герман Галущенко аталып отыр. Ал Financial Times басылымы өз дереккөздеріне сілтеме жасап, жаңа елші ретінде мәдениет және стратегиялық коммуникациялар министрі Николай Точицкий немесе Зеленский кеңсесі басшысының орынбасары Игорь Жовква тағайындалуы мүмкін екенін жазды.

«Зеленский АҚШ-тағы Украина елшісі Маркароваға оны қызметтен босатуды жоспарлап отырғанын хабарлады. Алайда кейін де команданың құрамында қалуды ұсынды... Қандай қызметке тағайындалатыны кейін анықталады, сыртқы істер министрі Андрей Сибигамен алдын ала кеңесулер жүргізілді», – делінген «Общественное» телеарнасының Telegram-арнасында жарияланған хабарламада.
 

Серіктес жаңалықтары