АҚШ-тың CNN телеарнасы 2024 жылы жазылған, президент Дональд Трамптың сайлауалды науқанының демеушілерімен әңгімесінің аудиожазбаларын қолына түсірді. Жазбаларда Трамп Ресей президенті Владимир Путинді Украинаға шабуыл жасаудан қалай айнытпақ болғанын айтып берген, ол Мәскеуді бомбалаймын деп қорқытпақ болған.
Мен Путинге айттым: “Егер сен Украинаға кірсең, Мәскеуді тозақ ететіндей етіп бомбылаймын. Менде басқа амал жоқ!” Сосын Путин: “Сенің сөзіңе сенбеймін”, – дейді. Бірақ ол маған 10% болса да сенді, — дейді Трамп жазбалардың бірінде.
CNN нақтылағандай, бұл жазбалар 2024 жылы Нью-Йорк пен Флоридада жасалған. Бұған дейін Трамптың Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруінің алдын алуға тырысқаны туралы Washington Post жазған, алайда әңгімелердің нақты аудиожазбалары осы күнге дейін жарияланбаған еді.