Logo
Іздеу
Айдарлар

Баж салығы. Тоқаев Трампқа жауап хат жолдады

/
Баж салығы. Тоқаев Трампқа жауап хат жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа экспортталатын қазақстандық тауарларға баж салығын енгізу жөніндегі шешімге байланысты Дональд Трампқа жауап хат жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның АҚШ үшін сенімді сауда және инвестициялық серіктес болып қала беретінін, сондай-ақ әділ, болжамды және өзара тиімді сауда қатынастарын дамытуға бейілді екенін атап өтті.

Сондай-ақ Тоқаев бұл мәселені шешу үшін конструктивті диалогты жалғастыруға Қазақстан дайын екенін жеткізді.

Ол туындаған сауда мәселесі бойынша тараптар ортақ ымыраға келе алатынына сенім білдірді.

8 шілде күні АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына хат жариялап, 1 тамыздан бастап Қазақстаннан импортталатын тауарларға баж салығы 25%-ға дейін көтерілетінін хабарлады.

Кейін бұл мәселеге қатысты Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі де пікір білдіріп, қазақстандық экспорттың басым бөлігі АҚШ-қа бұрынғы шарттармен, яғни жаңа баж салығынсыз жеткізілетінін хабарлады.
 

Серіктес жаңалықтары