Logo
Іздеу
Айдарлар

Талдықорғанда жер астынан газ тарады (Видео)

/
Талдықорғанда жер астынан газ тарады (Видео)

Қала тұрғындары әлеуметтік желіде газ таралу сәтінің видеосын жариялады. Олардың айтуынша, оқиға 5-шағынауданда, Желтоқсан мен Астана көшелерінің қиылысына жақын жерде болған. Куәгерлер бірден 104 нөміріне қоңырау шалған.

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. Олардың мәліметінше, газ жер астындағы жоғары қысымды тарату құбырынан шыққан.

«Өрт тіркелген жоқ. Газдың таралуы дер кезінде тоқтатылды. Қазіргі уақытта қауіп жойылды», – делінген хабарламада.

ТЖБ мәліметінше, оқиға орнында апаттық газ қызметі жұмыс істеп жатыр.