Киевтің орталығында Украина Қауіпсіздік қызметінің (СБУ) полковнигі атып өлтірілді.
Оқиға Киевтегі Голосеев ауданының аумағында таңертең болған. БАҚ мәліметінше, белгісіз біреу ер адамға жүгіріп келіп, тұншықтырғыш құрылғысы бар тапаншамен шамамен бес рет оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен.
УҚҚ мәлімдемесінде: «Қауіпсіздік қызметі мен Ұлттық полиция бұл қылмыстың барлық мән-жайын анықтап, кінәлілерді жауапкершілікке тарту үшін кешенді шаралар қабылдап жатыр», – делінген. Қызмет өкілі марқұмның аты-жөнін жария етпеді.
Алайда Жоғарғы Раданың бұрынғы депутаты Игорь Мосийчуктың айтуынша, қаза тапқан – УҚҚ полковнигі Иван Воронич. Ол арнайы операциялар орталығының 16-басқармасындағы 1-бөлімнің аға жедел қызметкері болған. Бұл бөлім Ресей аумағындағы диверсиялық әрекеттерге де жауапты болған.