Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Ғылым

АҚШ пен Қытайды артта қалдырып, әлемді мойындатқан қазақ жастары

АҚШ пен Қытайды артта қалдырып, әлемді мойындатқан қазақ жастары
Фото: ашық дереккөзден алынды

2025 жылдың 5–14 шілдесі аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен Химия пәні бойынша халықаралық олимпиадада (International Chemistry Olympiad, IChO-2025) Қазақстан құрамасы жарқын жеңіске жетті. 93 елден 360-тан астам оқушы бақ сынаған беделді білім сайысында қазақстандықтар екі алтын, екі күміс медаль жеңіп алып, әлемнің үздік жас химиктері екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Алтын медаль иегерлері:

Кирилл Ким, Назарбаев Зияткерлік мектебі, Астана, 12-сынып

Абылай Қабдолхадыр, Назарбаев Зияткерлік мектебі, Астана, 12-сынып

Күміс медаль иегерлері:

Енлік Бақытбекова, Назарбаев Зияткерлік мектебі, Алматы, 12-сынып

Ансар Жақсылықов, «Білім-инновация» лицейі, Ақтөбе облысы, 10-сынып

Ұлттық құрамаға ғылыми жетекшілік еткендер:

Санжар Бегдәуір — KAIST (Оңтүстік Корея) магистранты, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы

Ринат Ілүсізов — халықаралық және республикалық олимпиадалардың бірнеше мәрте жеңімпазы

Олимпиадаға дайындық пен қатысу ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен жүзеге асқан. Команда бұған дейін де еуропалық және халықаралық жарыстарда 100% нәтижемен көзге түскен болатын.

Анықтама үшін: IChO — әлемдегі ең беделді жеті пәндік олимпиаданың бірі. Президент тапсырмасына сәйкес, бұл жарыстардың жүлдегерлеріне қаржылай сыйақы қарастырылған:

Алтын медаль — 1500 АЕК

Күміс медаль — 1000 АЕК

Қола медаль — 500 АЕК
Сондай-ақ, оқушыларды дайындаған жетекшілер де ынталандырылады.

Айта кетейік, 2024 жылы өткен IChO олимпиадасында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алған болатын.