Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда 2026 жылы магистратураға мемлекеттік білім грантын иеленген азаматтардың ресми тізімін жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Магистратура грантына ие болғандардың толық тізімі министрдің ресми ресурстарында жарияланған.
Бұған дейін биыл магистратура гранттарының конкурсына қатысу үшін шамамен 23 мың өтініш қабылданғаны хабарланған еді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға көп.
Үміткерлер арасында ең жоғары сұранысқа ие бағыттар – «Педагогикалық ғылымдар», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», сондай-ақ «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары».
Болашақ магистранттарды жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау 2026 жылғы 28 тамызға дейін қоса алғанда жалғасады.