Қазақстанда магистратураға білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау басталды. Өтініштер 12-18 тамыз аралығында, 18 тамызды қоса алғанда қабылданады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы тапсыруға болады. Сондай-ақ бірқатар ЖОО өтініштерді виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн қабылдайды.
Биыл магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге шамамен 58 мың адам қатысқан. Белгіленген шекті балды жинаған талапкерлер білім гранты конкурсына қатысуға мүмкіндік алады.
Магистратураға арналған мемлекеттік білім гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалады.
Магистратура грантына құжат қашанға дейін қабылданады?
Грант конкурсына құжаттар 12 тамыздан 18 тамызға дейін қабылданады.
Талапкерлер өтінішін:
- жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы;
- виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн бере алады.
Магистратура грантының нәтижесі қашан шығады?
Магистратура бойынша білім гранты иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады.
Нәтижелер Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Ұлттық тестілеу орталығының ресми ресурстарында жарияланады.
Сондықтан грант конкурсына қатысуды жоспарлаған талапкерлер құжаттарын 18 тамызға дейін тапсырып үлгеруі қажет.