Associated Press агенттігінің хабарлауынша, бұл ерекше тастың болжалды құны 2–4 миллион АҚШ доллары аралығында болмақ.
Агенттіктің мәліметіне сәйкес, NWA 16788 деп аталатын бұл үлгі – Марсқа астероид соқтығысқан кезде одан бөлініп шыққан метеориттің бір бөлігі. Ол 225 миллион шақырымнан астам қашықтықты еңсеріп, Сахара шөлінде жерге құлаған. 2023 жылғы қарашада оны метеорит іздеушілер Нигер аумағынан тапқан.
Бұл тастың өлшемі — 375×279×152 мм, және ол құрамында Марста кездесетін барлық заттардың шамамен 7%-ын қамтиды.
Айта кетсек, әлемде ресми тіркелген 77 мыңнан астам метеориттің ішінде бар-жоғы 400 шақтысы ғана – марс тастары.