Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Қазақстанда темекі шегетін жасөспірімдер саны күрт өскен

Қазақстанда темекі шегетін жасөспірімдер саны күрт өскен

2025 жылдың қаңтарында Ұлттық статистика бюросы жүргізген жыл сайынғы зерттеудің нәтижесіне сәйкес, елдегі ересек халықтың 17,5%-ы темекі шегеді. Ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 20,7% болған.

Зерттеу Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және барлық облыстарда 12 мың үй шаруашылығын қамтыды. Сауалнамаға 15 жастан асқан азаматтар — әр отбасыдан бір өкіл қатысты.

Темекі шегушілердің үлесі жастың барлық топтарында дерлік төмендеген. Әсіресе, 29–48 жас аралығындағы қазақстандықтар арасында айтарлықтай азайған: 29–38 жастағылар арасында шылым шегушілер саны 5,5 пайызға, ал 39–48 жастағыларда — бес пайызға қысқарған. Осылайша, 2025 жылы бұл жастағы азаматтардың темекі шегу көрсеткіші тиісінше 19,3% және 22,7%-ды құрайды.

Алайда жасөспірімдер арасында жағдай керісінше өзгерген: 15–17 жас аралығындағы шылым шегушілердің үлесі 1,2%-дан 3,6%-ға дейін өскен.

Жас және жыныс бойынша бөлгенде, темекіні ең алдымен ер адамдар шегетіні байқалады — олардың арасында 34% шылым шегеді. Әйелдер арасында бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен — небәрі 5%. Сондай-ақ, ауылдық жерлерде әрбір бесінші ересек адам (19,1%) темекі шегетін болса, қалаларда бұл көрсеткіш — 16,7%.