Елордада Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты қайырымдылық қорынан 1,5 миллиард теңге жымқыру ісі бойынша сот жалғасып жатыр.
Бүгінгі сот отырысында Астана қаласындағы ФМН бағытындағы НЗМ (НИШ) ата-аналар комитетінің мүшелері сөз сөйледі.
Олардың айтуынша, 2024 жылдың көктемінде қор жарнамасына сеніп, ата-аналар комитеті аталған қорға 901 955 теңге аударған.
Ата-аналар бұл қорды кеңінен танымал әрі «сенімді» деп санап, таңдағандарын айтты.
Алайда қазіргі таңда ата-аналар комитеті бұл аударылған қаражатты қайтаруды көздеп отыр.