Желіде антиядролық қозғалыс белсендісі, «Аттан, Қазақстан!» қоғамдық ұйымының жетекшісі Амантай қажының белгісіз әйелді жазым еткен видеосы тарады. Кадрларда оның бір әйелді баспалдақтан итеріп жібергені көрінеді.
Аталған видео желіде қызу талқыланып, пайдаланушылар Амантай қажының әрекетін қатаң айыптап, оны заң бойынша қатаң жазалауды талап етуде. Видеоны түсірген адамның айтуынша, зардап шеккен әйелдің жамбас сүйегі сынған.
Белсендінің мұндай агрессивті әрекетке не үшін барғаны әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.