Logo
Іздеу
Айдарлар

Қарағандыда банк ғимараты өртенді

/
Қарағандыда банк ғимараты өртенді
Сурет: ТЖМ

Оқыс оқиға Бұқар Жырау даңғылы бойында болған, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Қарағанды қаласы Бұқар Жырау даңғылы бойында орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйге жапсарласып салынған бір қабатты банктердің бірінде өрт шықты.

— Қазіргі уақытта ТЖМ күштерімен өрт оқшауланды. Нақты деректер бойынша Қарағанды қаласындағы Бұқар жырау даңғылында орналасқан банктердің бірінде электр сымдарының оқшаулағышы, жылу оқшаулағыш материалдар және сәндік төбе жабындары өртенген, — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түспеген.

Бұған дейін СҚО-да өрттен 44 адам мерт болды, оның алтауы — бала екені хабарланды.