Logo
Іздеу
Айдарлар

Сотта Перизат Қайраттың анасына жедел жәрдем шақырылды

/
Сотта Перизат Қайраттың анасына жедел жәрдем шақырылды

Перизат Қайраттың анасы – Ғайни Алашбаева кезекті сот отырысы кезінде өзін жайсыз сезініп, сот үзіліс жариялады.

Айта кетейік, негізгі сот процесі қатарынан төртінші күн өтіп жатыр.

Сотта жәбірленушілердің бір бөлігі жауап беріп үлгерді. «Асар Үме» қайырымдылық қорының президенті Асхат Нұрмашев сотта берген жауабында қазақстандықтар Палестина халқына деп жинап берген 200 миллион теңгені Biz Birgemiz қорына өткізгенін айтты.

Сондай-ақ, екі ірі банк Перизат Қайраттың қорына шамамен бір миллиард теңге аударған.

Бұдан бөлек, бірқатар коммерциялық ұйымдар мен жеке тұлғалар да қайырымдылыққа ірі көлемде қаражат аударған. Қазір олардың барлығы өз ақшаларын қайтаруды талап етіп отыр.