Logo
Іздеу
Айдарлар

Түркия Израильдің Сирияға жасаған шабуылына жауап берді

/
Түркия Израильдің Сирияға жасаған шабуылына жауап берді
Фото: ашық дереккөз

Анкара, 17 шілде – Түркия ұлттық мәжілісі Израильдің Сирияға, оның ішінде Дамаск қаласына жасаған шабуылдарын қатаң түрде айыптайтын арнайы қарар қабылдады.

Құжатта Израиль әрекеттері "жексұрын әрі арандатушы" деп бағаланып, бұл халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысын өрескел бұзу екені атап өтілген.

"Біз Израильдің Сирияға, оның ішінде Дамаскке бағытталған арам шабуылдарын ең қатаң түрде айыптаймыз. Түркия Сирия халқын қолдайтынын тағы да мәлімдейді," – делінген мәжіліс қабылдаған құжатта.

Қарарда Израильдің әрекеті Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығына жасалған тікелей шабуыл ретінде сипатталып, мұндай әрекеттердің бүкіл аймақ қауіпсіздігіне төнген қатер екені ескертілді.

Түрік депутаттары халықаралық қауымдастықты Израильдің бұл әрекеттеріне үнсіз қалмай, нақты қадамдар жасауға шақырды. Сонымен қатар, құжатта Түркияның Таяу Шығыста бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдайтыны атап көрсетілген.

Бұл қарар – Түркия Парламентінің аймақтағы геосаяси дағдарыстарға қатысты ұстанымын білдіретін ресми саяси мәлімдеме болып отыр.