Logo
Іздеу
Айдарлар

Қытай су жаңа аса қуатты қаруын сынақтан өткізді

/
Қытай су жаңа аса қуатты қаруын сынақтан өткізді
Фото: ашық дереккөзден алынды

Қытай ғалымдары мен инженерлері ядролық емес, алайда аса қуатты термиялық жарылыс құрылғысын жасап, сынақтан өткізді. Бұл — дәстүрлі жарылыс емес: құрылғы магний гидридін пайдаланып, 1 000 °C-тан асатын температурамен өте ұзақ уақыт бойы жанатын алып отты шар тудырады.

Тротилге (TNT) қарағанда бұл құрылғы жарылыс толқынынан гөрі жылу әсеріне басымдық береді. От шамамен 15 есе ұзаққа созылады, ал әсер ету аймағында алюминий қорытпаларын ерітіп, кең көлемде термиялық зақым келтіруге қауқарлы. Яғни, бұл — алып газды оттық тәрізді жүйе, бірақ радиоактивті ластану қаупінсіз.

Мұндай технология соғыс тактикасын мүлде жаңа арнаға бұруы мүмкін. Егер бұрын соққы күшіне мән берілсе, енді ұзақ жылу импульсі арқылы техниканы, инфрақұрылымды және тірі күшті жою тәсіліне ауысу қаупі бар. Қарсы тараптың қорғанысын жандырып, шайқас алаңында “ыстық вакуум” жасауға болады.

Бұл технология Қытайдың әскери ғылымдағы серпінді дамуын тағы бір мәрте көрсетті. Сонымен қатар, халықаралық деңгейде жоғары энергиялы, ядросыз қарудың жаңа буыны туралы пікірталастарды күшейтуде.