Logo
Іздеу
Айдарлар

Made in KZ: еуропалық косметикаға альтернатива

/
Made in KZ: еуропалық косметикаға альтернатива

Отандық  ASIYA косметика бренді бір жылдан аз уақыт бұрын шығарылды, ал бүгінде өнімдерге Қазақстан мен Ресейдің барлық электронды сауда алаңдарында және ірі супермаркеттерінде тапсырыс беруге болады.

Сусабындар, кондиционерлер, сұйық сабын, душқа арналған гельдер мен лосьондар шығару үшін қазақстандық технологтар Қазақстанның дала өсімдіктерінің қосындысынан тұратын бірегей формуласын әзірледі.

Қазірдің өзінде ASIYA Uniliever (Dove сабыны және т.б.) сынды батыс өндірушілерімен тең бәсекеге түсе алады.

Жаңа қазақстандық косметикалық брендін құрушы  - эколог Әсел Тасмағамбетова. Белгілі болғандай, ASIYA - бұл кездейсоқ емес, бай тарихы бар және білікті мамандардың үлкен командасының көп жылғы еңбегінің жемісін көрсетеді.

 

Сонау 2008 жылы Әсел Тасмағамбетова еліміздегі алғашқылардың бірі болып қазақстандықтарға органикалық косметиканы қолдану мәдениетін қалыптастыру мақсатында TELLI биобутигін құрды. 18 жыл ішінде TELLI Қазақстандағы 30-дан астам әлемдік косметикалық брендтердің эксклюзивті дистрибьюторы болды. Бутикте сонымен қатар Орталық Азиядағы ең ірі гомеопатиялық дәріхана да бар.

2023 жылы Telli Ondiris жеке зауытының ашылуы - сұлулық индустриясындағы жүйелі жұмыстың қисынды жалғасы еді. Ол Алматы облысында орналасқан, бес сатылы су тазарту жүйесімен жабдықталған және GMP (Good Manufacturing Practices) халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді. Бұл «Халал» сертификатын алған Қазақстандағы алғашқы косметикалық өнімдердің келісімшарттық өндірісі.

Asiya – бұл брендтен де маңызды. Бұл атау тарихтан сыр шертеді. Біз өз косметикамызды жасаған кезде, оның атауының әдемі болуымен қатар, таным-пайымы терең, ой-сезімді қанаттандыратын, мән-мағынасы сұлу болса екен деп едім. Осылайша «Asiya» бренді Олжас Сүлейменовтің ұлы еңбегі  «Аз и я» кітабынан туды. Қайраткер тұлғаның «Аз и я» кітабына үңіліп қарар болсақ, ондағы ойдың тамыры әріден бастау алады және біздің одан ұғынарымыз көп. Бұл  өз мәдениетімізге  үлкен қызығушылықпен, құрметпен, мақтанышпен қарауға жаңа көзқарас қалыптастыратын мәнге ие. Біздің миссиямыз – әр құтыда дәстүрлер мен заманауи технологияларды үйлестіре отырып, косметиканы әрбір қазақстандық үшін мақтаныш символына айналдыру», – деп түсіндіреді Әсел Тасмағамбетова.

Әсел Тасмағамбетова тағыда былай деп қосады: Asiya — Азия — Аз и Я. Мұның бәрі, түптеп келгенде, тереңдік, қадір-қасиет және тиесілілік сезім туралы. Дұрыс таңдау жасау - өзіміздің кім екенімізді, қайдан келгенімізді және не үшін алға жылжып жатқанымызды түсіну мен білуден басталады.

ASIYA брендін құрушылар косметиканың жоғары өнім сапасын қамтамасыз етумен қатар, оның бағасының қолжетімді болуына да мән берді.

ASIYA:  қазақстандық өндіріс – әлемдік сапа!