Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақстанда сұйытылған газдың бағасын көтеру ұсынылды

/
Қазақстанда сұйытылған газдың бағасын көтеру ұсынылды
Сурет: pixabay

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі 1 тамыздан бастап сұйытылған газдың көтерме бағасын тоннасына 59 722 теңгеге дейін көтеруді жоспарлап отыр. Бұйрық жобасы қоғам талқысына ұсынылды.

Министрлік қазіргі баға қалыптастыру жүйесі газ өндіруді шығынды етіп отырғанын түсіндірді: газдың өзіндік құны бекітілген шекті бағадан асып кеткендіктен, зауыттарда жөндеу мен жаңғырту жұмыстарына қаражат қалмай отыр.

Табыстың төмендеуіне байланысты кейбір кәсіпорындар пайдалырақ өнім түрлеріне ауыса бастаған, бұл ішкі нарықты газбен қамтуға қауіп төндіруі мүмкін.

Болжам бойынша, бөлшек баға өңірге байланысты 7–10 теңгеге өседі. Сонымен қатар, газға деген сұраныс арта бермек: 2025 жылы ол 2,6 миллион тоннаға жетіп, тапшылық 40%-ға дейін болуы мүмкін. Энергетика министрлігі бағаның көтерілгеннен кейін де ТМД елдері арасында ең төмен деңгейде қалатынын алға тартады.