Logo
Іздеу
Айдарлар

«Tazastap» экологиялық челлендж аясында Жетісу ауданының жастары 1000 пластик бөтелке жинап, қайта өңдеуге тапсырды

/
«Tazastap» экологиялық челлендж аясында Жетісу ауданының жастары 1000 пластик бөтелке жинап, қайта өңдеуге тапсырды

2025 жылғы шілде айында Алматы қаласы Жетісу ауданында экологиялық мәдениетті насихаттауға бағытталған «TAZASTAP» челленджі сәтті өткізілді. Шара барысында аудан жастары 1000-нан астам пластик бөтелке жинап, арнайы қабылдау пункттеріне өткізіп, қайта өңдеуге жіберді.

Челленджді ұйымдастырушы – Жетісу-2 комьюнити орталығы, қолдау көрсетушілер қатарында аудан әкімдігі, еріктілер ұйымдары және жергілікті мектептер мен колледждердің студенттері бар.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында экологиялық жауапкершілікті арттыру, пластик қалдықтардың зиянына назар аударту және қалдықтарды сұрыптау мәдениетін қалыптастыру.

Челлендж форматы қарапайым әрі қызықты: қатысушылар өз ауласынан, көшеден немесе қоғамдық орындардан пластик бөтелкелер жинап, оларды белгіленген орынға өткізеді. Жинақталған бөтелкелер арнайы қайта өңдеу мекемесіне жөнелтілді.

Шара соңында белсенді қатысушылар алғыс хаттармен және экосыйлықтармен марапатталды. Жастар қоршаған ортаға деген жанашырлықтарын нақты іспен дәлелдеп, өз үлестерін қосты.

«TAZASTAP» – бұл тек челлендж емес, ол — таза қоғамға бастар қадам, әрі жас буынды табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеудің тиімді құралы. Мұндай бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, Жетісу ауданында экологиялық мәдениетті нығайтуға үлес қоса бермек.