Logo
Іздеу
Айдарлар

Бақытжан Базарбек Тоқаевтан Марат Сұлтанғазиевті қызметінен босатуын сұрады

/
Бақытжан Базарбек Тоқаевтан Марат Сұлтанғазиевті қызметінен босатуын сұрады
Сурет: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Бағанашылдағы балалар үйі төңірегіндегі жағдайдан кейін Президентке үндеу жасап, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қызметінен босатуды сұрады.

"Бағанашылдағы балалар үйі төңірегіндегі бассыздық пен қоғам алдында айтылған уәдесін орындамағаны үшін мен Президент Тоқаевтан Алматы облысының әкімі М. Сұлтанғазиевтің отставкасын сұраймын", — деп жазды мәжілісмен Facebook парақшасында.

Депутаттың айтуынша, балалар үйі орналасқан жер телімі біреулердің көзіне түскен. Ол бұл жер телімі Бостандық ауданында, әл-Фараби көшесінен жоғары орналасқанын және құрылыс салушылар үшін оңтайлы телім екенін атап өтті.