Күштеп жасалған жақсылық - жақсылық емес!
Алматының Бағанашылындағы Балалар үйінің тәрбиеленушілерінің Қонаев қаласына көшуге қарсы болып, автобусқа мінуден бас тартқандарын, оларды күштеп автобусқа салып жатқандарын әлеуметтік желіден көріп отырып, біздің Қазақстанда “Адам хақысы” деген құр сөз екен-ау деп ойладық. Одан да “Қазақстанда Адам хақысынан ақша хақысы жоғары тұрады” деп заң шығара салу керек шығар.
Жапонияда жалғыз оқушыны мектепке апару мен қайта әкелу үшін пойыз тоқтайтынын әлеуметтік желіден көргенбіз. Сол жалғыз баланы үлкен стансаға көшіре салайық демейді жапон үкіметі. Өйткені, ол жақ ақша хақысынан бұрын, Адам хақысын ойлайды.
Қазақ та бұрын солай ойлайтын. “Көтергеніңді қайтейін, к…-ме қолыңды сұққан соң” деген мақал содан қалған!
Қайнар Олжай, журналист