Logo
Іздеу
Айдарлар

Жалаңаш көт қашаннан бері "романтикаға" айналған? — қоғам белсендісі

/
Жалаңаш көт қашаннан бері "романтикаға" айналған? — қоғам белсендісі
Фото: ашық дереккөзден алынды

Астанада өткен Джей Ло (Дженнифер Лопез) концертіне келген қонақтардың пікірі екіге бөлінді. Бірі мұны әлемдік деңгейдегі өнер деп бағалап жатса, бірі сынап, сахнаға жалаңаш шығуға бола ма деп жатыр. Солардың бірі бұрынғы "Ақжүніс" бағдарламасының жүргізушісі, қазір қоғамда белсенді түрде өз ойын айтып жүрген Сәуле Әбілдаханқызы. Ол әншінің киімін де, оның қолдаған көрерменді де сынап тастады.

Автор былай дейді. 

Өздерін сауаттымын деп жүргендер стриптиз-шоуды энергиямен шатастырады...

Бұл - бар болғаны стриптиз-шоу ғана... ондаған сағаттық сценарий, репетиция, постановка, команда... және "секс саласындағы" жеке тәжірибесі мен дозаның, миллиондаған ақшаның құдіреті...

Ал энергия - ол энергия... 

Мақтаулы кемпірлеріңнің стриптиз-шоуынан нашақорлық пен азғындықтың ғана энергиясы көрінеді...

Жалаңаш көт қашаннан бері "романтикаға", "сахналық образға" айналған???

Мың-миллион долларға сақтандырған көтін сақтап, жауып жүрмей ме, неғып ашып тастап жүр? Ашып тастайтыны бар, сақтандырып қайтеді??..

"Костюмдері керемет болды" деп отырғандар соқыр-ау... Қайдан, қандай костюм көріп тұрсыңдар? Купальник, тұрсиді қашаннан бері костюм дейтін болғансыңдар??