Logo
Іздеу
Айдарлар

Тәшенов жайлы. Санжар кітабын сату үшін айта береді — журналист

/
Тәшенов жайлы. Санжар кітабын сату үшін айта береді — журналист
Фото: коллаж arasha.kz

Facebook әлеуметтік желісінде журналист Алмас Алтайдың Санжар Керімбай жайлы айтылған пікірі жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.

А. Алтайдың айтуынша, Санжар Керімбай кітабын сату үшін құжатқа түспеген деректерді айта беретін көрінеді. Әсіресе оның Жұмабек Тәшеновтың "бес облысты бермеуы" туралы ойы күмән тудырған. Автор былай дейді:

Осы тақырып мені күмілжітеді. Жұмабек Тәшеновтің өлшеусіз ер екеніне, кемел қайраткер екеніне күмәнім жоқ.

Бірақ, осы "бес облысты бермеу" туралы ерен ерліктің құжатқа түспегені кішкені...

Жұмекеңнің өзі де күнделігіне ештеңе жазып кетпепті, Санжар "Қонаев білетін еді" дейді де, "Қонаевтың кітабында бұл туралы ештеңе жазылмаған" дей салады...

Тарихшыларға сүйенсек... Радик Темірғалиев те осы "бес облыс хикаясына" сенбейтінін жазады. "Тәшенов Үкімет басында толық бір жыл да отыра алмады. Ымыраға келмейтін адырлығы карьерасын жеп қойды. "Бес облыс хикаясы" кезінде Конституцияны алға тартып, халықаралық ұйымдарға шағымданатынын айтты" деген дерек те сенімсіз. КСРО ондай еркелікке, әсіресе, шетелге шағымдану дегенге мүлде төзбейтін" дейді...

"Тәшенов — қайраткер, Қазақстан үшін қадірі артық азамат. Алайда, тарих бетіне таңбаланған, қағазға түскен, жазылған тарихқа сену керек. Орта ғасырларда өмір сүріп жатқан жоқпыз ғой...", — деген автор сөз соңын Санжар Керімбайға қарата былай деп түйіндейді:

Санжар кітабын сату үшін айта береді. Бизнес қой, басқа ештеңе де емес.