Мойынқұмдағы қанды қырғын. Қас-қарая аудан орталығында топтық қақтығыстан 4 адам ауруханаға жеткілді.
Басына оқ тиген, сан еттерін пышақтап тастаған науқас жансақтау бөлімінде. Қалған үшеуі палатаға ауыстырылды. Жастар не бөлісе алмағаны белгісіз. Бір анығы көше заңының көрінісі. Кәдімгі кинодағыдай.
Күдіктілерді ұстауға бағыт-бағдарлама берілген. Сүлік қара крузак мінгендер қашып кеткен. Ал мына бейнедегі көлік жәбірленуші сияқты. Қуалап жүріп атқан ба, әйтеуір сау тамтығы қалмаған. Бәрі осы ауданның тұрғындары. Жау шаппай жатып қырғын салған жастар бай-бағланның балалары деген сыбыс бар. Тіпті біреуі құқық қорғау саласындағы лауазымды тұлғаның тұңғышы дейд. Тоқшылықты біздер қайдан түсінейік?
Нұрадин Рақай, журналист