Logo
Іздеу
Айдарлар

Трамп АҚШ-ты ЮНЕСКО-дан шығаратын болды

/
Трамп АҚШ-ты ЮНЕСКО-дан шығаратын болды
Фото: Репродукция

АҚШ президенті Дональд Трамп БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы – ЮНЕСКО-дан шығу туралы шешім қабылдады. Себебі бұл ұйым АҚШ мүддесіне сай келмейтін бастамаларды қолдайды.

Бұл туралы Ақ үй баспасөз хатшысының орынбасары Анна Келли мәлімдеді.

«Президент Трамп АҚШ-ты ЮНЕСКО-дан шығару туралы шешім қабылдады. Себебі бұл ұйым американдықтар қараша айында дауыс берген парасатты саясатқа мүлде қайшы келетін прогрессивті, дау тудыратын мәдени және әлеуметтік бастамаларды қолдайды», – деді ол New York Post газетіне берген пікірінде.